HP LaserJet Pro MFP M125-M126/M127-M128

Windows бағдарламалық құралының орнату ескертпелері

Edition 2, 11/2015

 

 

МАЗМҰНЫ

I. КІРІСПЕ
II. ОРНАТУ НҰСҚАУЛАРЫ
III. ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК
IV. ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘЛІМДЕМЕЛЕР

 

I. КІРІСПЕ

ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ МАҚСАТЫ

Бұл файлда орнату, үйлесімділік және ақаулықтарды табу мен жою туралы арнайы ақпарат берілген. Өнім және драйвердің мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алу үшін, өнімді пайдалану нұсқаулығын және әрбір бағдарламалық құрал құрамдасында берілген электрондық анықтаманы қараңыз.

ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕТІН АМАЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Өніммен берілетін ықшам дискіде келесі амалдық жүйелерге арналған бағдарламалық құралдар бар:

•
32 биттік Windows® XP (2-жаңарту бумасы және одан жоғары).

•
32 биттік және 64 биттік Windows Vista.

•
32 биттік және 64 биттік Windows 7.

•
32 биттік Windows Server 2003

•
32 биттік және 64 биттік Windows Server 2008.

•
32 биттік және 64 биттік Windows 2008

Төмендегі амалдық жүйелерде ұсынылатын бағдарламалық құрал құрамдастарын қолдануға болады:

•
32 биттік Windows® XP (2-жаңарту бумасы және одан жоғары).

•
32 биттік және 64 биттік Windows Vista.

•
32 биттік және 64 биттік Windows 7.

•
32 биттік және 64 биттік Windows 2008

Ұсынылатын бағдарламалық құрал келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

•
HP LaserJet Pro MFP M125-M126/M127-M128 PCLmS (міндетті)

•
HP LaserJet Pro MFP M125-M126/M127-M128 Scan Driver (міндетті)

•
HP анықтамасы және мәліметтер орталығы (қосымша)

•
HP принтер күйі мен ескертулері (қосымша)

•
HP сканер (қосымша)

•
HP жаңартуы (қосымша)

•
HP Device Toolbox (қосымша)

•
HP өнімін жақсарту бойынша зерттеу (қосымша)

•
HP құрылғы әрекеттестігі (қосымша)

Келесі амалдық жүйелерде бағдарламалық құрал құрамдас бөліктерінің ең аз жинағын ғана қолдануға болады:

•
32 биттік Windows Server 2003

•
32 биттік және 64 биттік Windows Server 2008.

Бағдарламалық құралдардың ең аз жинағы келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

•
HP LaserJet PCLmS баспа драйвері.

•
HP сканер драйвері.

Бағдарламалық құралды ықшам дискіден орнату үшін компьютердің қатты дискісінде 200 Мбайт бос орын болуы керек.

Linux туралы ақпарат және принтер драйверін алу үшін, мына веб-торапқа кіріңіз:
www.hp.com/go/linux

UNIX® туралы ақпарат және принтер драйверін алу үшін, мына веб-торапқа кіріңіз:
www.hp.com/pond/modelscripts/index2.html

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ

Windows ықшам дискісінің ішінде IBM компаниясының компьютерлік жүйелерімен үйлесімді бағдарламалық құралдар бар. Арнайы драйверлер немесе бағдарламалық құрал құрамдас бөліктері туралы толық ақпаратты тиісті электрондық анықтамасынан қараңыз.

Драйверлер

Драйвер — бағдарламалық құрал қолданбаларының өнім функцияларын пайдалануға мүмкіндік беретін бағдарламалық құрал. Әдетте әр өнімнің драйверлерін орнату керек. Өніммен берілетін бағдарламалық құрал ықшам дискісінде төмендегі Windows драйверлері бар:

•
Жоғарыда айтылған амалдық жүйелерді қолдайтын HP PCLmS баспа драйвері.

•
TWAIN үйлесімділігі бар HP WIA сканерлеу драйвері.

Қосымша драйверлерді HP таратушыларынан немесе интернет ресурстардан алуға болады. Драйверлер мен басқа HP бағдарламалық құралдарын алу туралы қосымша ақпаратты осы құжаттың «Техникалық қолдау» бөлімінен немесе өнімнің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

Бағдарламалық құрал қолданбалары

HP анықтамасы және мәліметтер орталығы

HP анықтамасы және мәліметтер орталығы ұсынылатын бағдарламалық құралдар жиынымен орнатылады және өнімнің құжаттары мен анықтамаларын көру орны болып табылады. Өнімнің құжаттарын ұсынылатын бағдарламалық құралды орнатпастан көру үшін, ықшам дискіні ықшам диск жетегіне салыңыз да, орнатқыш экраны ашылғанда, экранның сол жағындағы құжаттармен байланысты түймешікті басыңыз.

HP Device Toolbox

HP Device Toolbox тонер және қағаз көлемі сияқты өнімнің күй ақпаратын, сондай-ақ өнімге көңіл аудару керек болғанда қалқымалы дабыл хабарларын береді. Сонымен қатар, HP Device Toolbox өнімнің параметрлерін реттеу үшін пайдаланылады.

Жою бағдарламасы

Жою бағдарламасы арқылы Windows HP өнімінің құрамдас бөліктерін жоюға болады. Нұсқауларды «Жою бағдарламасы» бөлімінен қараңыз.

II. ОРНАТУ НҰСҚАУЛАРЫ

Ықшам диск арқылы орнату немесе орнату бағдарламалық құралы іске қосылған амалдық жүйенің нұсқасын және тілін анықтайды.

USB кабелін пайдаланып Windows жүйесіне орнату:

1.
Компьютер мен өнімге USB кабелін жалғаңыз.

2.
Экрандағы нұсқауларды Бұл компьютерді USB кабеліне тікелей қосу жолы арқылы орындаңыз.

Ескерту: орнату бағдарламасы автоматты түрде іске қосылмаса, компьютерде AutoPlay мүмкіндігі өшіп тұрған болуы мүмкін. Егер осы орын алса, Windows Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз да, Компьютер (немесе Мой компьютер (Менің компьютерім)) тармағын таңдап, «Устройство HP (HP құрылғысы)» белгішесін екі рет басыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Ескерту: егер орнату бағдарламасында қате орын алса, USB кабелін ажыратып, өнімді өшіріңіз де, қайтадан қосып, өнімнің ықшам дискісін компьютерге салыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Кабельді тек бағдарламалық құрал нұсқау бергенде жалғаңыз.

Желідегі принтерлер үшін Windows жүйесіне орнату (сымды немесе сымсыз):

Ықшам дискіні компьютерге салып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Ескерту: сымды желіні пайдаланған жағдайда, ықшам дискіні салмас бұрын желі кабелін қосыңыз.

Mac OS X жүйесіне орнату (USB немесе желі):

Ықшам дискіні компьютерге салып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Ескерту: USB немесе сымды желі байланысын пайдалансаңыз, ықшам дискіні салмастан бұрын USB немесе желі кабелін қосыңыз.

ЖОЮ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жою бағдарламасының утилитасын ұсынылатын немесе бағдарламалық құралдардың ең аз жинағы орнатылған болса қолдануға болады. Жою бағдарламасы HP өнімі бағдарламалық құралының құрамдас бөліктерін жояды.

1.
Пуск (Бастау) мәзірінен алдымен Все программы (Барлық бағдарламалар), одан кейін HP тармағын таңдаңыз. Егер бірнеше HP өнімі бар болса, қажетті өнімді таңдап, бағдарламалар тобындағы Удалить (Жою) түймешігін басыңыз.

2.
Бағдарламалық құралды жоюды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

 

III. ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК

Тұтынушыларға қолдау көрсету туралы ақпарат алу үшін пайдаланушы нұсқаулығын немесе қораптағы қолдау парақшасын қараңыз немесе жергілікті өкілетті HP дилеріне хабарласыңыз.

Сонымен қатар, онлайн техникалық қолдау алу үшін мына URL мекенжайын қарауыңызға болады:

 

www.hp.com/support/ljMFPM125series

www.hp.com/support/ljMFPM126series

www.hp.com/support/ljMFPM127series

www.hp.com/support/ljMFPM128series

 

 

 

IV. ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘЛІМДЕМЕЛЕР

САУДА БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША ЕСКЕРТУ

Microsoft®, Windows® және Windows® XP — Microsoft корпорациясының АҚШ-та тіркелген сауда белгісі.

UNIX® — Open Group компаниясының тіркелген сауда белгісі.

КЕПІЛДІК ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

Кепілдік

Толық кепілдікті және қолдау ақпаратын өнімнің заң мен ережелер нұсқаулығынан қараңыз.

Авторлық құқық

© 2015 Copyright HP Development Company, L.P.

Авторлық құқықтар бойынша рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, алдын ала жазбаша рұқсатсыз осы құжаттың көшірмелерін таратуға, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

Осы құжаттағы ақпарат ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

HP өнімдері мен қызметтеріне берілетін кепілдіктер тек сондай өнімдер мен қызметтерге қоса берілетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде көрсетілген. Осы құжаттағы ештеңе қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс. HP компаниясы осы құжаттағы ешбір техникалық немесе редакторлық қателер, не болмаса қамтылмай қалған мәліметтер үшін жауапты емес.